KZ
29 сәуір 2025, 22:07
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.03.2025 14:18 #Қаржы құралдары

31 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

/KASE, 28.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 31 наурызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен режимдерінде есеп айырысу күні 2025 жылдың 15 сәуiрiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо операциялары бойынша Freeport-McMoRan Inc (АҚШ) US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық тоқтатылатынын хабарлайды. KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратыны туралы хабарлайды.

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2025 жылдың 15 сәуiрiнде осы акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілім бекітілетіні туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

Аталған акциялармен KASE сауда-саттығы 2025 жылдың 17 сәуiрiнен бастап қайта басталады.

[2025-03-28]