KZ
9 мамыр 2025, 14:03
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.03.2025 18:00 #Сауда-саттық ақпараты

Еуразия даму банкі KASE-де 1,00 % маржамен KZ2D00013620 (EABRb53) үшжылдық облигацияларын орналастырып, 27 наурызда 50,0 млрд теңге алды

/KASE, 27.03.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) Еуразия даму банкінің (Алматы) KZ2D00013620 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb53; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 27.03.25 – 27.03.28; actual/365)) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері мен мамандандырылған сауда-саттық нәтижесі көрсетілген.

----------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                     
------------------------------------------------- --------
Қатысушы саны:                                    7       
Берілген өтінім саны                              10 / 10 
(барлығы/белсенді), оның ішінде:                          
– шектелімді:                                     10 / 10 
– нарықтық:                                       0 / 0   
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:            50 000,0
– шектелімді:                                     50 000,0
– нарықтық:                                       0,0     
Сұранымның ұсынымға қатынасы:                     100,0%  
Берілген өтінімдер бойынша маржа мөлшерлемесі, %  1,00    
----------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте 
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған           
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                                                        
                                                       
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 60,0% банктердің үлесіне, 2,0 % 
брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне, 30,5% өзге институттық 
инвесторлардың, 7,5% басқа заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация 50 000 000      
саны:                                                             
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:    50 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:             10              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:   7               
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, жоспардың 100,0           
%:                                                                
Қанағаттандырылған өтінімдер бойынша маржа        1,00            
мөлшерлемесі, %:                                                  
------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижесі бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілелер толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:         27.03.25                         
Орналастырудың жарияланған көлемі,    50 000 000 000                   
теңге:                                                                 
Лот мөлшері, дана:                    1                                
Сауда-саттық  мәні:                   Бекітілген маржа мөлшерлемесі    
Сатып алуға берілген өтінім түрі:     шектелімді                       
Өтінім беру тәсілі:                   жабық                            
Өтінім қабылданатын уақыт:            10:00–12:00                      
Өтінім расталатын уақыт:              10:00–12:30                      
Кесім уақыты:                         13:00 (Т+0)                      
Төлем жасалатын күн және уақыт:       27.03.25, 13:00                  
Өтінімдерді кесу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең   
                                      немесе одан жоғары өтінімдер     
                                      алып тасталады                   
Өтінімдердің бағасына байланысты      бір баға бойынша бөліп жіктеу;   
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру                                  
тәсілі:                                                                
Берілген кезегіне байланысты          қарсылама өтінімдерді қабылдау   
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру уақыты бойынша                   
тәсілі:                                                                
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "First Heartland Jusan Invest” АҚ
-----------------------------------------------------------------------

Бірлескен андеррайтерлер – "First Heartland Jusan Invest" АҚ және "Фридом Финанс” АҚ.

[2025-03-27]