KZ
2 сәуір 2025, 15:49
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.03.2025 11:11 #Қаржы құралдары

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың KZ2C00012268 (BTRKb20) облигациялары KASE-де негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

/KASE, 27.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) листингілік комиссиясы 2025 жылғы 26 наурызда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың (Астана) KZ2C00012268 (1 000 теңге, 50,1 млрд теңге; 1 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша өткізілген бірінші сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне қосу туралы шешім қабылдады.

Листинг комиссиясының осы шешімі күшіне енетін күн туралы қосымша хабарланады.

Бұл облигациялармен KASE-де сауда-саттық жасаудың ашылғаны туралы да қосымша хабарланады.

Осы облигацияларды шығару "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың 2023 жылғы 23 қазанда 1,5 трлн теңге сомасында тіркелген тоғызыншы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 13-ші болып табылады.

Көрсетілген облигацияларға берілген қысқаша белгі (сауда-саттық коды) BTRKb20.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың қаржылық кеңесшісі және андеррайтері – "First Heartland Jusan Invest" АҚ.

Осы облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листинг комиссиясының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE-нің интернет- ресурсында жарияланады.

[2025-03-27]