KZ
1 сәуір 2025, 05:19
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.03.2025 12:22 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы" АҚ 2024 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялады

/KASE, 26.03.25/ – "ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) төмендегіні хабарлады:

цитатаның басы

Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания") халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған 2024 жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігі мен тәуелсіз аудитордың есебін жариялайды.

2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылдағы* негізгі қаржылық көрсеткіштер:

  • Түсім 8 330 млрд теңге (17 750 млн АҚШ долл.), 2023 жылы бұл көрсеткіш 8 320 млрд теңге (18 236 млн АҚШ долл.) болды;
  • EBITDA көрсеткіші 2 001 млрд теңге (4 264 млн АҚШ долл.), 2023 жылы бұл көрсеткіш 2 007 млрд теңге (4 398 млн АҚШ долл.) болды;
  • Бірлескен бақылаудағы кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайдадағы үлес есебімен, Компанияның таза пайдасы 1 094 млрд теңге (2 332 млн АҚШ долл.), 2023 жылы бұл көрсеткіш 927 млрд теңге (2 031 млн АҚШ долл.) болды;
  • Бірлескен бақылаудағы кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайдадағы үлесіне** түзетілген таза пайда 1 264 млрд теңге (2 694 млн АҚШ долл.), бұл көрсеткіш 2023 жылы 1 012 млрд теңге (2 219 млн АҚШ долл.) болды;
  • Еркін ақша ағыны 1 199 млрд теңге (2 555 млн АҚШ долл.), 2023 жылы бұл көрсеткіш 984 млрд теңге (2 157 млн АҚШ долл.) болды;
  • Жалпы борыш 2024 жылғы 31 желтоқсанда 3 967 млрд теңге (7 555 млн АҚШ долл.), 2023 жылғы 31 желтоқсанда 3 757 млрд теңге (8 265 млн АҚШ долл.) болды;
  • Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсанда 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ долл.), 2023 жылғы 31 желтоқсанда 1 645 млрд теңге (3 620 млн АҚШ долл.) болды;

* Қолайлы болуы үшін сома тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2024 және 2023 жылдардағы орташа бағам сәйкесінше 469,31 және 456,21 теңге/АҚШ доллары; кезең соңындағы бағам – 2024 жылғы 31 желтоқсанда және 2023 жылғы 31 желтоқсанда 525,11 және 454,56 теңге/АҚШ доллар).

* * Бірлескен бақылаудағы кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайдадағы үлеске түзетілген таза пайда = Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған таза пайда + дивиденд минус бірлескен бақылаудағы кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайдадағы үлес.

Цитатаның соңы

Орыс тіліндегі Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

Ағылшын тіліндегі Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2025-03-26]