Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің XS3015676425 (ASDBe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 19.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 20 наурызынан бастап Азия даму банкінің XS3015676425 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe20; 17 379 167 000 теңге; 17.03.25-18.03.30; жартыжылдық купон, жылдық 15,35 %; 30/360) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-03-19]