KZ
1 шілде 2025, 04:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.03.2025 16:50 #Қаржы құралдары

18 наурыздан бастап "Ақтөбе-Темір-ВС" Еншілес кәсіпорны" АҚ KZ1C00001155 (ATVS) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

/KASE, 17.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2025 жылдың 17 наурызындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "Ақтөбе-Темір-ВС" Еншілес кәсіпорны" АҚ (Ақтөбе облысы) KZ1C00001155 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, ATVS) жай акциялары алынып тасталды.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 18 наурызынан бастап күшіне енеді.

Бұл шешім "Ақтөбе-Темір-ВС" Еншілес кәсіпорны" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды.

Аталған акциялар 2015 жылдың 19 қарашасынан бастап екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторында болды. Олармен сауда-саттық 2016 жылдың 19 ақпанынан бастап ашылды.

[2025-03-17]