KZ
23 сәуір 2025, 19:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.03.2025 16:15 #Корпоративтік уақиғалар

"Эйр Астана" АҚ-ның 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есебі жарияланды

/KASE, 17.03.25/ – "Эйр Астана" АҚ-ның 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі (KASE тикері – AIRA) және аудиторлық есеп жарияланды.

"КПМГ Аудит" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік барлық маңызды аспектілерде "Эйр Астана" АҚ мен оның еншілес ұйымының 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін жәнеқаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын анық көрсетеді.

2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

------------------------------------------------------------
                                      31.12.24     31.12.23 
Көрсеткіш                                 ж.б.          ж.б.
---------------------------------- ----------- -------------
Жарғылық капитал                    56 758 223     2 501 550
Меншікті капитал                   207 171 647    96 984 465
Жиынтық активтер                   952 063 811   619 312 543
Жиынтық міндеттемелер              744 892 164   522 328 078
Таза пайда (таза шығын)             25 522 594    30 739 074
Жай акцияның баланстық құны, теңге     579,763 5 629 137,235
ROA, %                                    2,68          4,96
ROE, %                                   12,32         31,69
------------------------------------------------------------

Есеп мына сілтеме бойынша жарияланған – толығырақ

[2024-03-17]