KZ
9 мамыр 2025, 19:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.03.2025 14:42 #Сауда-саттық ақпараты

Азия даму банкі Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы жылдық 15,35 %-бен XS3015676425 (ASDBe20) бес жылдық халықаралық облигацияларды орналастыра отырып, 17,4 млрд теңге тартты

/KASE, 14.03.25/ – 2025 жылдың 12 наурызында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Азия даму банкі XS3015676425 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ASDBe20; 17 379 167 000 теңге, 17.03.25 – 18.03.30; 30/360) облигацияларын бастапқы орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) әрекет етті.

---------------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                      
---------------------------------------------------- ----------------------
Қатысушылар саны:                                    5                     
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),        6 / 4                 
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                        6 / 4                 
– нарықтық:                                          0 / 0                 
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:               17 400,0              
оның ішінде:                                                               
– шетелімді:                                         17 400,0              
– нарықтық:                                          0,0                   
Ұсынымға сұраным:                                    100,1 %               
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, жылдық % (барлық/ белсенді):
– минималды                                          15,3000               
– максималды                                         15,3500               
– орташа сараланған                                  15,3041 / 15,3066     
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте               
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,                        
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                          

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 13,2 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 58,1 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 28,7 % тиесілі болды.

САТЫП АЛУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,         17 379 167 000  
облигациялар:                                                   
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:     17 379 167 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:              4               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 4               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,            100,0           
жоспардан %:                                                    
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон          15,3500         
мөлшерлемесі, жылдық %                                          
----------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде 13,1 % – банктер, 58,1 % – институционалдық инвесторлар, 28,8 % – өзге заңды тұлғалар сатып алды

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

-------------------------------------------- ------------------------
Жазылым күні:                                12.03.25                
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге:      17 379 167 000          
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді және нарықтық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 09:30–12:30             
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            12.03.25, 15:00         
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 17.03.25, 09:30         
---------------------------------------------------------------------

[2025-03-17]