18 наурыз күні Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3030338159 (EBRDe28) халықаралық облигацияларына жазылу жүргізіледі
/KASE, 14.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3030338159 (EBRDe28) халықаралық облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақыты) оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
-------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: халықаралық облигациялар ISIN: XS3030338159 KASE сауда-саттық коды: EBRDe28 ------------------------------------ ------------------------- Жазылу күні: 18.03.25 Орналастырудың номиналды көлемі, 30 000 000 000 теңге: Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді жәнре нарықтық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:30–12:00 Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 18.03.25, 15:00 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 20.03.25, 09:30 уақыты: --------------------------------------------------------------
Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналды көлемі алдын ала және аталған жазылым бастамашысының хабарламасы бойынша өзгертілуі тиіс.
Баға ретінде өтінімде купон мөлшерлемесінің құрамдас бөлігі болып табылатын тіркелген маржа мөлшерлемесінің мәні екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен пайызбен көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде теңгемен номиналды көлемі көрсетілуі тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің ең төменгі көлемі 1 000 теңгені құрайды.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы кіреді.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-03-14]