KZ
20 мамыр 2025, 04:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.03.2025 14:33 #Қаржы құралдары

14 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің XS2294363689 (ASDBe7) және XS2351373134 (ASDBe8) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 13.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 14 наурызынан бастап KASE-де Азия даму банкінің келесі халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:

  • XS2294363689 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe7);
  • XS2351373134 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe8).

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 17 наурызында шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын өтеу жүргізілуіне байланысты тоқтатылды.

[2025-03-13]