03 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America Corporation US0605051046 (BAC_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
/KASE, 31.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 03 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 07 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Bank of America Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 07 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 07 наурызынан бастап қайта басталады.
[2025-01-31]