KZ
23 сәуір 2025, 06:37
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.01.2025 16:12 #Қаржы құралдары

24 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында QUALCOMM Inc. US7475251036 (QCOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 23.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 24 қаңтарынан бастап Есеп айырысу күні 2025 жылдың 06 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша QUALCOMM Inc. (АҚШ)US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 06 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 11 наурызынан бастап қайта басталады.

[2025-01-23]