KZ
15 мамыр 2025, 21:28
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.01.2025 12:38 #Қаржы құралдары

KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ облигацияларының төрт шығарылымын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 17.01.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 17 қаңтарында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00013076 (1 000 теңге, 2 409 826 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp13;

2) KZ2C00013084 (1 000 теңге, 5 820 000 000 теңге, 9 жыл 4 ай; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру күніне анықталатын болады – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + тіркелген маржа 1 %; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp14;

3) KZ2C00013092 (1 000 теңге, 3 360 437 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp15;

4) KZ2C00013100 (1 000 теңге, 7 980 000 000 теңге, 9 жыл 4 ай; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру күніне анықталатын болады – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + тіркелген маржа 1 %; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp16.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2025-01-17]