15 наурыз 2025, 19:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.01.2025 15:00 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2025 ЖЫЛДЫҢ 05 АҚПАНЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 13.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылдың 10 қаңтарындағы шешімімен "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" (бұдан әрі – Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2025 жылдың 05 ақпанынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі – Тізім) анықталғанын хабарлайды.

Көрсетілген шешімге сәйкес 2025 жылдың 05 ақпанынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

---------------------------------------------------------------------                                                                                                                    
      Акция                                     
# р/с коды      ISIN     Эмитент                 Fi*       Ri* Үлесі*
----- ----- ------------ ---------------------- ---- --------- ------
  1   AIRA  KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ        41,4 1,0000000    6,7
  2   CCBN  KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ  40,4 1,0000000   11,1
  3   HSBK  KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық       30,5 0,3235583   16,9
                         жинақ банкі" АҚ                             
  4   KCEL  KZ1C00000876 "Кселл" АҚ             34,1 1,0000000   13,4
  5   KEGC  KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ              15,0 1,0000000    3,6
  6   KMGZ  KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК " АҚ  2,5 1,0000000   13,5
  7   KSPI  KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ          31,0 0,0705912   13,0
  8   KZAP  KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп"     25,0 0,1916049   14,6
                         ҰАК" АҚ                                     
  9   KZTK  KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ      19,1 1,0000000    5,3
 10   KZTO  KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ       10,0 1,0000000    1,8
---------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, үлес параметрлері 2025 жылдың 10 қаңтарындағы жағдай бойынша 
  көрсетілген. Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2025 жылдың 
  05 ақпанының басындағы Fi, Ri параметрлері, үлесі 2025 жылдың 
  01 қаңтарындағы акциялардың ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы 
  акциялар санына сәйкес қайта есептелетін болады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті - әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы, 01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – 01.10.24-те еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 10.01.25 жағдай бойынша тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.

Үлесі – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2025-01-13]