KZ
9 мамыр 2025, 23:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.12.2024 18:17 #Қаржы құралдары

13 жетоқсаннан бастап KASE-де Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 12.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 13 жетоқсанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 21 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 21 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 23 қаңтарынан қайта басталады.

[2024-12-12]