KZ
10 мамыр 2025, 11:03
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.11.2024 09:33 #Индекстер мен индикаторлар

01 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ 59 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

/KASE, 29.11.24/ – Қазақстан қор биржасының Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2024 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімге мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00006476 (BASPb7) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ;

2) KZ2C00011245 (BTRKb14) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ;

3) KZ2C00010304 (BTRKb9) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ;

4) KZ2C00011351 (HCBNb14) "Home Credit Bank" АҚ;

5) KZ2C00011401 (HCBNb15) "Home Credit Bank" АҚ;

6) KZ2P00010960 (MFMCb1) "MyCar Finance" МҚҰ" АҚ;

7) KZ2C00010916 (MFOKb20) "ОнлайнҚазҚаржы" МҚҰ" АҚ.

Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес KASE үш айда бір рет KASE_BM* сериясының негізгі алаңының қор нарығының индикаторлары: KASE_BMC таза баға индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторын есептеу үшін өкілдік тізімді қайта қарайды.

2024 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 59 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

Көрсетілген тізімді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге болады толығырақ

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ

[2024-11-29]