KZ
11 мамыр 2025, 15:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.11.2024 16:26 #Қаржы құралдары

"Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012677 (MFDGb1) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынн өтті

/KASE, 18.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қарашасында "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00012677 (1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС-тың қаржылық кеңесшісі және андеррайтері болып табылады.

Аталған облигацияларға MFDGb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

"Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС қызметінің негізгі түрі – микрокредиттер беру.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2024-11-18]