KZ
9 мамыр 2025, 23:09
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.11.2024 17:45 #Қаржы құралдары

04 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 01.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 04 қарашасынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 12 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, IBM corp. (АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 12 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап қайта басталады.

[2024-11-01]