KZ
14 мамыр 2025, 09:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.10.2024 14:15 #Бағалы қағаздар

"ЛОТТЕ Рахат" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 31.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЛОТТЕ Рахат" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана;
  • компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
  • компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға LOTTE WELLFOOD CO., LTD (Сеул, Корея Республикасы) болып табылады, оның меншігінде 3 440 362 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,57 %) бар.

[2024-10-31]