KZ
7 шілде 2025, 05:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.10.2024 17:56 #Корпоративтік уақиғалар

1 желтоқсаннан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ-тың Қазақстанның ішкі нарығына мұнай айдау тарифі өзгереді

/KASE, 22.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың 22 қазанындағы келесі баспасөз хабарламасын ұсынды:

дәйексөздің басы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының 2024 жылғы 16 қазандағы бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 қарашаға дейін магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке "ҚазТрансОйл" АҚ уақытша өтемдік тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 4 461,76 теңге мөлшерінде қолданысқа енгізіледі.

"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізудің 90%-дан астамын қамтамасыз етеді.

дәйексөздің соңы

Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы жарияланды:

[2024-10-22]