KZ
9 мамыр 2025, 22:56
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.10.2024 17:00 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ халықаралық транзакцияларды қаржыландыру жөнінде семинар өткізгені туралы хабарлады

/KASE, 18.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың 18 қазанындағы мынадай баспасөз хабарламасын ұсынды:

дәйексөздің басы

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес құрылымы) ODDO BHF SE банкімен және Австрияның OeKB Экспорттық-кредиттік агенттігімен бірлесіп Еуропаның экспорттық-кредиттік агенттіктерінің қолдауымен тауарлар импортын қаржыландыру мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар жұмысына Қазақстан, Германия, Австрия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия және Тәжікстанның қаржы, корпоративтік және өндірістік секторларының өкілдері қатысты.

Іс-шарада халықаралық қаржыландыру және экспорттық сақтандыру саласындағы өзекті үрдістер мен тетіктер талқыланды, сондай-ақ нәтижелі жүзеге асырылған жобалардың тиімді стратегиялары мен практикалық кейстері қаралды.

дәйексөздің соңы

Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы жарияланды – толығырақ

[2024-10-18]