KZ
9 мамыр 2025, 22:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.10.2024 11:25 #Қаржы құралдары

14 қазаннан бастап KASE-де Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 11.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 қазанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 21 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 21 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 23 қазанынан қайта басталады.

[2024-10-11]