KZ
19 сәуір 2025, 00:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.09.2024 16:44 #Нормативтік база

30 қыркүйектен бастап листингілік процедураларды реттейтін KASE ішкі құжаттарына түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 30.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 27 қыркүйегіндегі шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді:

  • Листингілік ережелерге № 11 өзгертулер мен толықтырулар;
  • Листингілік алымдардың мөлшерін, мерзімдерін және төлеу тәртібін анықтау ережелеріне № 7 өзгертулер мен толықтыру;
  • Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелеріне № 6 өзгертулер.

Бұл түзетулер 2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұдан басқа, көрсетілген күннен бастап KASE Басқармасының 2024 жылдың 12 қыркүйегіндегі шешіміне сәйкес Листингілік процедураларды жүзеге асыру тәртібіне № 6 өзгертулер қолданысқа енгізіледі.

Түзетулер листингілік процедураларды, сондай-ақ листингілік талаптарды өзектендіру және оңтайландыру мақсатында енгізілді.

Түзетулермен, оның ішінде мыналар көзделген:

  • басқа қор биржасында негізгі листингі бар бағалы қағаздарға қатысты жеңілдетілген листинг процедурасын қолдану кезінде KASE мойындайтын қор биржаларының тізбесін қалыптастыру тәртібін анықтады;
  • кейбір листингілік талаптар оңтайландырылған және нақтыланған, сондай-ақ рұқсаттама бастамашылары ұсынған эмитенттердің қаржылық есептілігіне қойылатын талап;
  • эмитенттің қалауы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілетін кез келген бағалы қағаздар бойынша алдын ала қорытынды беру көзделген;
  • бағалы қағаздардың және/немесе олардың эмитентінің Листингілік ережелерде белгіленген листингілік критерийлерге және/немесе құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру мерзімі KASE ресми тізіміне бағалы қағаздарды толық процедура бойынша енгізген кезде – 10-нан бес жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Бұдан басқа, аталған құжаттардың мәтіндеріне процедуралық және редакциялық түзетулер енгізілді.

Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Листинг" қалташасы).

[2024-09-30]