Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың шілде айындағы жұмысын қорытындылады
/KASE, 12.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың шілде айындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылдың шілдесінде 34,4 трлн теңгені құрады және маусыммен салыстырғанда 13,3%-ға немесе 4,0 трлн теңгеге ұлғайды.
- Шілде айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,6%-ға өсіп, 5 234,43 тармақты құрады.
- Шілде айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 1,9%-ға 32,9 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,4%-ға 14,1 трлн теңгеге дейін.
- Шілде айында листинг рәсімінен екі жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары өтті.
- 2024 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 706 атаудағы 254 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, деривтивтер нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланды:
[2024-08-12]