KZ
9 мамыр 2025, 23:05
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.08.2024 17:40 #Қаржы құралдары

08 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 07.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 тамызынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 09 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, American Electric Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 тамызынан бастап қайта басталады.

[2024-08-07]