"Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00010916 (MFOKb20) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
/KASE, 02.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 01 тамызында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00010916 (1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 3 жыл; өзгермелі ай сайынғы купон, айналым басталған күнге жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады".
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2023 жылдың 29 қыркүйегінде тіркелген "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" ақ екінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 100,0 млрд теңгеге үшінші болып табылады.
Аталған облигацияларға MFOKb20 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2024-08-02]