KZ
20 сәуір 2025, 21:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.08.2024 10:08 #Қаржы құралдары

"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00011757 (JSBNb4) әлеуметтік облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 02.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 01 тамызында "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00011757 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) әлеуметтік облигациялардың негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 04 шілдесінде 1 700,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Отбасы банкі "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші болып табылады.

Аталған облигацияларға JSBNb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссиясы осы шешім күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2024-08-02]