Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Ел Орда Арнау" ЖШС KZ2P00009996 (EOARb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды
/KASE, 01.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 тамызынан бастап "Ел Орда Арнау" ЖШС (Астана) KZ2P00009996 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, EOARb1) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес жалғыз қатысушының 2024 жылдың 30 шілдесіндегі көрсетілген облигациялар шығарылымын жою туралы шешіміне байланысты тоқтатылды.
[2024-08-01]