KZ
9 мамыр 2025, 23:02
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.07.2024 17:35 #Қаржы құралдары

01 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 31.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 тамызынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 09 тамызынан және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, IBM corp. (АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 тамызынан бастап қайта басталады.

[2024-07-31]