KZ
19 сәуір 2025, 06:09
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.07.2024 10:48 #Индекстер мен индикаторлар

22 шілдеден бастап KASE "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның KZ2C00008654 (TMJLb10) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 22.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 шілдесінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00008654 (TMJLb10) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (21 шілде – өтеу кезінде тізілімнің тіркелген күні).

2024 жылдың 22 шілдесінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 52 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша).

Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-07-22]