KZ
28 сәуір 2025, 00:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.07.2024 10:27 #Қаржы құралдары

10 шілдеден бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің US29874QFA76 (EBRDe26) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

/KASE, 10.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2024 жылдың 09 шілдесіндегі шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің US29874QFA76 ($3 050 млн; 25.01.24 – 25.01.29; жартыжылдық купон, жылдық 4,125%; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді.

Көрсетілген облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы).

Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 10 шілдесінен бастап күшіне енеді.

KASE-де осы облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады.

Аталған облигацияларға EBRDe26 (сауда коды) қысқартылған белгісі берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-07-10]