KZ
26 сәуір 2025, 22:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.07.2024 15:00 #Корпоративтік уақиғалар

АНОНС: 03 ШІЛДЕДЕ KASE "ОТБАСЫ БАНК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН "KASE TALKS" ӨТКІЗЕДІ

/KASE, 02.07.24/ – 2024 жылдың 03 шілдесінде Қазақстан қор биржасы (KASE) "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (тақырыпта және одан әрі – "Отбасы банк" АҚ) Басқармасының Төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен KASE Talks өткізеді.

Іс-шараның басталуы-Алматы қ.уақыты 15:00, өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, Smart Point коворкинг орталығы, "Амфитеатр" залы.

KASE Talks жүргізушісі – Алина Алдамберген, KASE Басқармасының Төрайымы.

Іс-шара барысында "Отбасы банк" АҚ қызметіне, оның ішінде қор нарығына қатысты тақырыптар талқыланады.

Тіркелу үшін электрондық pr@kase.kz пошта мекенжайына хабарласу қажет.

KASE 2018 жылдан бастап қаржы нарығы мен тұтастай Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлер мен бизнесмендердің қатысуымен KASE Talks дәрістерін өткізеді.

[2024-07-02]