16 наурыз 2025, 03:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.06.2024 11:18 #Корпоративтік уақиғалар

"Aidarly Project (Айдарлы Прожект)" АҚ акционерлері 2023 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 07.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ (Жезқазған) 2024 жылдың 29 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін
  • 2023 жылғы таза пайданың болмауына байланысты жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – толығырақ

[2024-06-07]