KZ
29 сәуір 2025, 02:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.06.2024 12:00 #Корпоративтік уақиғалар

"Нұрбанк" АҚ-ның 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

/KASE, 05.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KASE-ге банктің 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті ұсынды.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

-----------------------------------------------
Көрсеткіш                  31.12.23    31.12.22
----------------------- ----------- -----------
Меншікті капитал         56 315 785  47 179 907
Жиынтық активтер        461 397 075 465 198 838
Жиынтық міндеттемелер   405 081 290 418 018 931
Таза пайда (таза шығын)   7 742 385   5 656 645
ROA, %                         1,68        1,22
ROE, %                        13,75       11,99
-----------------------------------------------

Банктің 2023 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Grant Thornton" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік барлық маңызды қатынастарда "Нұрбанк" АҚ мен оның еншілес ұйымдарының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын анық көрсетеді.

Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ

[2024-06-05]