KZ
10 мамыр 2025, 01:39
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.05.2024 19:22 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстан Қаржы министрлігі 14 мамыр күні Қазақстан қор биржасында 34,1 млн МЕУКАМ-192 екінші шығарылымын (KZKD00000543, MUM192_0002) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 12,52 %-бен орналастырды

/KASE, 14.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 мамырында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (орналастыру және қосымша орналастыру бойынша) қайталама мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясының төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) өткенін хабарлайды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------------------- -----------------------------
Сауда-саттық күні:                            14.05.24                     
Өтеуге дейін мерзімі:                         3,9 жыл (1 414 күн)          
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 30 000,0                     
Сауда-саттық мәні:                            "таза" баға                  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру           нарықтық сұранысқа қарай     
дәрежесі,%:                                   0-ден 100-ге дейін           
Өтінім беру тәсілі:                           жабық                        
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                  09:00–12:00                  
Өтінімдерді растау уақыты:                    09:00–12:00                  
Кесімдеу күні және уақыты:                    14.05.24, 15:00              
Төлеу күні:                                   16.05.24                     
Қарсылама шектелімді өтінімдерді              қарсылама өтінімдердің       
қанағатандыру тәсілі:                         көлеміне пропорционалды      
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:  кесімдеу бағасына тең немесе 
                                              сатушы үшін ұтымдырақ болатын
                                              қарсылама шектелімді         
                                              өтінімдердің бағасы бойынша  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    орташа сараланған баға       
                                              бойынша                      
---------------------------------------------------------------------------

Астана қ. уақытымен сағ. 15:30-дан 16:00-ге дейін эмитент KASE сауда- саттық жүйесінде мамандандырылған сауда-саттық шеңберінде көрсетілген облигацияларды 20 000,0 млн теңге сомасына орналастыруды жоспарлады. Қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-клиринг жүйесінде өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталған кезде белсенді өтінімдердің болмауына байланысты өткізілмеген деп танылды.

---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУДАҒЫ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                      
------------------------------------------------------ --------------------
Қатысушылар саны:                                      5                   
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді),            15 / 15             
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                          13 / 13             
– нарықтық:                                            2 / 2               
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге,                 36 618,8            
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                          30 818,8            
– нарықтық:                                            5 800,0             
Сұранымға өтінім:                                      158,0 %             
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға,номиналдан % (барлығы / белсенді):  
– минималды                                            71,8423             
– максималды                                           78,2845             
– орташа сараланған                                    76,8512             
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):      
– минималды                                            12,3000             
– максималды                                           15,0000             
– орташа сараланған                                    12,8680             
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
  қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары         
  растаған өтінімдер.                                                      

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 93,4 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 6,6 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

-------------------------------------------------- -----------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 34 125 464       
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:     26 655 250 236,8 
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                 8                
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:    5                
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:  113,8%           
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, сұранымнан %: 72,0%            
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, номиналдан %:         
минималды                                          77,5319          
максималды                                         78,2845          
орташа сараланған                                  77,7207          
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі,жылдық %:       
минималды                                          12,3000          
максималды                                         12,6000          
орташа сараланған                                  12,5233          
--------------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 90,9 % – банктер, 9,1 % - басқа институционалдық инвесторлар сатып алды.

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕУКАМ-192 екінші шығарылымының толық көлемі (KZKD00000543, MUM192_0002) номиналды құны 112 173 464 000 теңге болатын 112 173 464 облигацияны құрады.

Осы орналастыру бойынша есептесулер Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕУКАМ мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат ссылке толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2024-05-14]