KZ
16 мамыр 2025, 21:29
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.05.2024 12:00 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақтелеком" АҚ акционерлері жылдық қаржылық есептілікті бекітті және 2023 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 04.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2024 жылдың 30 сәуірінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) бекіту;
  • компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту:
  • 93 067 044 000 теңге құрайтын шоғырландырылған таза кірісінің 24,79 %-ы 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге жұмсау;
  • қалған бөлігін компанияның иелігінде қалдыру;
  • 2023 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтердің мөлшері – бір акцияға 2 096,60 теңге мөлшерінде бекіту.

Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы сегіз мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – толығырақ

[2024-05-04]