KZ
3 шілде 2025, 20:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.03.2024 12:52 #Қаржы құралдары

12 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында JET Group Ltd. жеке компаниясының KZX000001870 (JETGe1) облигацияларымен сауда- саттық ашылады

/KASE, 11.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 наурызынан бастап JET Group Ltd. жеке компаниясының (Астана) KZX000001870 "жасыл" облигациялармен (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, JETGe1; 3,0 млрд теңге; 21.12.23-21.12.26; тоқсандық купон, жылдық 20,75 %; 30/360) KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-03-11]