23 ақпаннан бастап Қазақстан ор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008174 (EABRb25) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 22.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 ақпанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008174 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb25; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл; жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) әлеуметтік облигациялармен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-02-22]