KZ
4 шілде 2025, 23:16
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.02.2024 15:14 #Қаржы құралдары

KASE Листингілік комиссиясы "ФРИДОМ ФИНАНС Кредит" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010978 (MFFKpp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 21.02.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 21 ақпанында "ФРИДОМ ФИНАНС Кредит" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010978 (1 000 теңге; 5,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон, жылдық 0,001%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға MFFKpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2024-02-21]