KZ
23 мамыр 2025, 13:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.02.2024 09:14 #Қаржы құралдары

20 ақпаннан бастап KASE-де төрт атаудағы ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

/KASE, 20.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 ақпанынан бастап KASE-де репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы қағаздар бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және олар бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 04 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді:

1) US4642885135 ("KASE Global" сектор, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF;

2) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;

3) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF.

4) 1)US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF.

Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидасының" 11-2 бабының 10) тармағына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 04 наурызында аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 06 наурызынан басталады.

[2024-02-20]