Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АҚ "First Heartland Securities" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 26.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "First Heartland Securities" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 54 000 000 дана;
- компанияның 8 433 359 жай акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 149 486 акциялары кері сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы болып табылады, оның меншігінде 8 283 873 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 98,23 %) бар.
[2023-10-26]