Бүгін Қазақстан қор биржасында "KazWind Energy" ("КазВинд Энерджи") ЖШС KZ2P00010119 (KZWEb1) облигацияларына жазылым жүргізіледі
/KASE, 17.10.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе биржа) сауда-саттық жүйесінде "KazWind Energy" ("КазВинд Энерджи") ЖШС (Алматы) KZ2P00010119 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, KZWEb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 5 жыл; тоқсандық купон; жылдық 21,75 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "SkyBridge Invest"АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 3 00 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 қазанында сағат 16:00-ден 16:30-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 17 қазаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 17 қазаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 17 қазаны, Астана қаласы уақытымен 17:15. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы.
3) жеке тұлғаның азаматтығы немесе заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған мемлекет;
4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (нөмірі, берілген күні және құжатты берген орган);
5) жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның мекенжайы;
6) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде бар және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрмайтын өзге де ақпарат.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-10-17]