KZ
21 сәуір 2025, 19:15
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.10.2023 10:12 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2023 ЖЫЛДЫҢ 03 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 13.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2023 жылдың 10 қазанындағы "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2023 жылдың 03 қарашасынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі – тізім) анықталғанын хабарлайды.

Көрсетілген шешімге сәйкес 2023 жылдың 03 қарашасынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

---------------------------------------------------------------------------------
                                                                                 
                                                             ---- --------- -----
      Акцияның                                               ---- --------- -----
# р/с коды         ISIN     Эмитент                           Fi*       Ri* Үлес*
----- -------- ------------ -------------------------------- ---- --------- -----
  1   CCBN     KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ            40,4 1,0000000   7,0
  2   HSBK     KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 30,5 0,2354827  14,6
  3   KCEL     KZ1C00000876 "Кселл" АҚ                       34,1 0,8637437  14,1
  4   KEGC     KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ                        10,0 1,0000000   4,8
  5   KMGZ     KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК " АҚ            3,0 0,5369122  14,4
  6   KSPI     KZ1C00001536 АҚ "Kaspi.kz"                    24,6 0,0550485  14,4
  7   KZAP     KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ      25,0 0,1181484  17,6
  8   KZTK     KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ                19,2 1,0000000   8,8
  9   KZTO     KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ                 10,0 1,0000000   4,2
---------------------------------------------------------------------------------

* Fi, Ri және үлес параметрлері Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 03.11.23 басына акциялардың ағымдағы бағасына және 01.10.23 ж.б. еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептеледі.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15 %) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – 01.09.23 ж.б. еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 12.10.23 ж.б. тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.

Үлес – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2023-10-13]