Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"First Heartland Securities" АҚ-ның жалғыз акционері бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге лицензияны өз еркімен тоқтату және KZ1C00008077 (FHSE) жай акцияларының KASE-дегі делистингі туралы шешім қабылдады
/KASE, 04.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Securities" АҚ (Алматы), KASE-ге жалғыз акционерінің 2023 жылдың 3 қазанындағы шешімдері туралы хабарлады.
Акционер соның ішінде келесі шешімдер қабылдады:
- қоғам уәкiлеттi органға бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге лицензияны тоқтату туралы өз еркiмен жүгінуі тиіс;
- (ISIN KZ1C00008077) жай акцияларының KASE-де ерікті делистингін мақұлдауы тиіс.
Бұл ақпарат орналастырылған – толығырақ
[2023-10-04]