Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Атамекен-Агро" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 06.09.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау) 2023 жылдың 29 тамызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлмеу, компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтерді есептемеу немесе төлемеу және бір жай акцияға шаққандағы 2022 жылға дивиденд мөлшерін бекітпеу.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-09-06]