KZ
1 шілде 2025, 09:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.08.2023 16:48 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ "Магистральдық су құбыры" ЖШС тарифтерінің қайта қаралғаны туралы хабарлайды

/KASE, 31.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 31 тамызындағы баспасөз релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің (әрі қарай – ТМРКД) 2023 жылғы 28 тамыздағы №56- ОД бұйрығымен ТМРКД-ның "Магистральдық Суағызғысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2022-2027 жылдарға магистральдық құбырлар бойынша реттеліп көрсетілетін су беру қызметіне тарифтерді және тарифтік сметасын бекіту туралы 2022 жылғы 19 тамыздағы №74-ОД бұйрығына 2023 жылғы 01 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:

  • халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызмет көрсететін басқа да кәсіпорындар үшін – 18,04 теңге/м³;
  • ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін – 64,98 теңге/м³;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа коммерциялық ұйымдар үшін – 626,66 теңге/м³;
  • мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар үшін – 1870,55 теңге/м³.

Осыған байланысты орташа тариф 1 текше метр су үшін 455,87 теңгеден 626,66 теңгеге өзгеріп, 170,79 теңгеге өсті, ол 37 % құрайды.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылған:

[2023-08-31]