Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Fincraft Resources" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 24.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft Resources" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 21 тамызында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылға шоғырландырылған есептілік деректері бойынша жиынтық шығыны 443 640 мың теңге мөлшерінде бекітілсін;
- компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтерді есептемеу және төлемеу.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі сегіз мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-08-24]