KZ
3 шілде 2025, 20:05
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.07.2023 15:52 #Корпоративтік уақиғалар

"First Heartland Securities" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 31.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Securities" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 26 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2022 жылға жылдық қаржылық есептілігі (шоғырландырылған аудиттелген және жеке аудиттелген) бекітілсін;
  • компанияның 2022 жылғы таза кірісі бөлінбесін;
  • компанияның 2022 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.

Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі сегіз мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2023-07-31]