Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04 қыркүйекте "Шұбаркөл Премиум" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді
/KASE, 20.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл Премиум" АҚ (Қарағанды) KASE-ге 2023 жылдың 04 қыркүйегінде сырттай дауыс беру арқылы мынадай күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетінін хабарлады:
- акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
- Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшерін және шарттарын анықтау туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған – толығырақ
[2023-07-20]