KZ
10 мамыр 2025, 21:54
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.07.2023 11:00 #Қаржы құралдары

KASE Листингілік комиссиясы "Вивус" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00009814 (MFVSpp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 04.07.23/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE) 2023 жылдың 04 шілдесінде "Вивус" Микроқаржы ұйымы "ЖШС (Астана) KZ2P00009814 (500 теңге, 5,0 млрд теңге, 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 7,50%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға MFVSpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.

[2023-07-04]